#Qolda 3.0
2021 жылғы шілдеде бағдарламаның үшінші кезеңі, «Qolda 3.0», іске қосылды.

Ол азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға және өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге бағытталған.

Қазақстанның 14 облысынан 16 өңірлік ҮЕҰ грант иегерлері атанды.

Жеңімпаздар қатарына қызметтің 5 бағыты бойынша ҮЕҰ кірді:
– ТЖ кезеңінде халықты қолдау;
– ауылдық өңірлердегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
– эко-білім алу және эко-волонтерлік;
– жұмыссыздарды еңбек нарығында қалпына келтіру;
– адвокация.
Жобаларды іске асыру 6 айға созылды.
2021 жылғы тамыз айынан бастап 2022 жылғы қаңтар айына дейін Qolda 3.0 қорытындысы бойынша:
Қазақстанның 14 өңірінен 16 ҮЕҰ қамтылды;
14 облыста 16 423 бенефициар көмек алды;
3716 волонтер 46 серіктестік ұйым қатысты;
мемлекеттік органдар қатарынан 80 серіктес тартылды.