#Qolda 2.0
Жобаның екінші кезеңі, «Qolda 2.0», 2020 жылғы қазанда басталды. Қазақстанның 9 өңірінен 12 ҮЕҰ 14 өңірде, сондай-ақ Шымкент қаласында жобаларды іске асыруға гранттар алды.

Бағдарламаның екінші кезеңі ТЖ кезінде халықты қолдау, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және волонтерлікті дамыту бойынша жобаларға қолдау көрсетті.

Бағдарламаның бұл кезеңі 2021 жылғы сәуірде аяқталды. Оның қорытындысы бойынша:
27 752 бенефициар көмек алды;
56 серіктес және 1728 волонтер қатысты;;
5194 отбасы гуманитарлық көмек алды;
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 1788 құрбанына психологиялық көмек көрсетілді
4 өзара көмек қызметі құрылды.