Табыстар тарихы
QazYmCenter
«QazYmCenter» қоғамдық бірлестігі Қазақстанда естімейтін адамдарға арналған бірінші дағдарыс орталығын ашты

Өскемен қаласындағы «QazYmCenter» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап есту қабілеті бұзылған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдау көрсетіп келеді.

Орталыққа Қазақстанның бүкіл өңірлерінен азаматтар жүгінеді: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа құрбандары; отбасылық қиындықтарды бастан өткеріп келе жатқан ерлі-зайыптылар; босанғаннан кейін депрессияға ұшыраған аналар; сондай-ақ психологиялық қолдауды қажет ететін адамдар.



«Менің ойымша біздің орталық қазіргі таңда саңырау адамдар үшін жаңа және пойдалы тәжірибе, өйткені көпшілігі туыстарымен сөйлеспейді. Егер проблемалар туындаса, олар қайда бару керектігін және оларға кім көмектесе алатындығын білмейді. Біз шынымен қажет екенімізді және адамдарға көмектесе алатынымызды түсіндік. Күн сайын біз 3-4 консультация өткіземіз. Бірте-бірте тілек білдірушілер саны артып келеді»
Зарина Бурова
дағдарыс орталығының директоры